Алматы тұрғындарынан кімдердің ПТР-тестілеуден тегін өтуге құқы бар
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. Ол тегін ПТР тестілеуден жүкті әйелдердің, науқаспен байланыста болғандардың және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін өтулері қарастырылғанын атап өтті.