Санаққа қатысудың нәтижесінде Алматының әрбір тұрғыны өз өмірінің жақсаруына ықпал ете алады
Алматыда Тәуелсіздік жылдары халық санағы қалай өткенін айтылды. Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Халық санағының қажеттілігі мемлекеттілік пайда болған кезде туындағанын айтты. Алайда, санақ заманауи мағынада жақында пайда болды. 2021 жылғы халық санағында маңызды жаңалықтар болады.