Алматының салық төлеушілеріне 2023 жылы не өзгергені айтылды
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақытгүл Сейітова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке қатысты, онда ол өздерінің ведомствосы «Салық төлеуші көп білген сайын, жіберетін қателіктері аз болады!» деген ұранды ұстанатынын атап өтті. Ол 2023 жылдың басында күшіне енген өзгерістер туралы айтып берді.