2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесімен қамтылады
Алматы қаласында 2026 жылдан бастап бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Мұхамеджан Ільяс осылай деп мәлімдеді.