Соңғы бес жылда жаңа жыл кезінде қалада 68 өрт шыққан
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы соңғы бес жылда жаңа жылда қалада 68 өрт тіркеліп, олардың біразы салют пен петарданы оңды-солды қолданғаннын болғанын хабарлады. Мамандар сол кісілер қарапайым ережені сақтағанда, қаншама оқыс оқиғаның алдын алуға болар еді дейді.