Балалар ойыншығының қауіпсіздігіне қандай талап қойылады
Алматы балалар ойыншығы мен балаларға арналған тауарлардың қауіпсіздігін бақылауда ұстап отыр. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова өнімге қойылатын негізгі талап, тексерудің нәтижесі мен кәсіпкерлердің жауапкершілігі туралы баяндады.