Алматының қоғам қайраткері Алина Кан тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтап, жаңа Конституция бойынша алдағы референдумға қатысты пікір білдірді. Ол әркім азаматтық ұстанымын білдіруі керек деген ойда.

Алина Канның айтуынша, ол өмірін қазақ тілін оқытып, жастармен жұмыс істеуге арнаған. Қаншама жыл бойы қоғаммен тығыз байланыста болып, мемлекеттік тілді, халықтың мәдениеті мен дәстүрін насихаттап келеді.

«Қазақ халқының қонақжайлылығы, кең пейілі мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Қазақ жерінде өмір сүріп, еңбек ету — мен үшін үлкен мәртебе», — деді ол Алматы тұрғындарына арнаған сөзінде.

Қоғам қайраткері 15 маусымда өтетін референдумға ерекше назар аударып, оны Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең деп атады. Оның ойынша, жаңа Конституция жай ғана құқықтық құжат емес, ол мемлекеттің болашағын айқындайтын стратегиялық қадам екен.

«Сонықтан еліміз бен келер ұрпақтың қамын ойлайтын, алаңдайтын кез келген адам референдумға келіп қатысуы керек», — дейді Алина Кан.

Жастар елді жаңғыртатын қозғаушы күш, олар Қазақстанды құруға белсене араласуы керек деген президенттің сөзін де еске салды.

Алина Канның пікірінше, белсенді болып, мемлекеттік институттарға құрметпен қарап, реформаны қолдау қоғамның алға жылжуына сеп болады.

«Біз, Алматы жастары, жаңа Конституцияны қолдаймыз және жаңарған, қуатты әрі әділетті мемлекет үшін дауыс береміз», — деп толықтырды.

Қоғам қайраткері сөз соңында елге тұрақтылық пен өркендеу тілеп, Қазақстанның болашағы әр азаматтың өзіне байланысты екенін айтты.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ