Алматының полициясы жаңа жылдың қалай өткенін баяндады
Алматыда жаңажылдық мерекелік күндер тыныш өтіп, оқыс оқиға болған жоқ. Полицияның күшейтілген жұмыс режимі мен жедел әрекет ету қызметтерімен бірлесіп қимылдауының арқасында тұрғындар мен қала қонақтарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов осылай деп мәлімдеді.