Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауды күшейтті
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру бойынша көп жұмыс істеліп жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалада ӘМАТ-қа қатысты тұтыну бағаларының индексі 8,9%-ды құрады, бұл республикалық деңгеймен (8,6%) шамалас.