Алматыда 12 мыңнан астам қыз жатыр мойны обырынан сақтанды
Қаңтар айында көп елде жатыр мойны обыры туралы ақпараттандырумен айналысады. Алматыда да қазір бұл ауруды ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы қолға алынып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Райхан Болатбекова осы жөнінде баяндады.