«Заң және тәртіп»: алматылық еріктілер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысады
Алматыда «Жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы аясында 2,5 млрд теңгедей бюджет қаражаты үнемделді. Қоғамдық бақылау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысына 300-ден астам адам тартылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әділет жастар одағы» жастар антикоррупциялық қозғалысының жетекшісі Ерболат Тұрлан осылай деді.