Алматы тұрғындары «Заң мен әділдік – елдің іргетасы» жобасы аясында заң жағынан тегін көмек ала алады: қалада заңгерлердің жедел тобы жұмыс істейді, барлық ауданда көшпелі кеңес өтеді, қоғамдық орындарда құқықтық нүктелер мен жедел желі де іске қосылады, сондай-ақ дайын құжат үлгілері бар чат-бот та жұмыс істемек.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде бастаманың жетекшісі Айгерім Қадырқұлова осы жобаның мүмкіндігі туралы айтып берді. Оның айтуынша, негізгі мақсат — құқықтық сауаттылықты арттырып, заңға бағынатын мәдениет қалыптастыру екен.

«Біз халықтың құқықтық сауатын арттырып, заңға бағынатын мәдениет қалыптастыруды мақсат етіп отырмыз. Қазір құқықбұзушылықтың едәуір бөлігін әдейі емес, заңды білмегеннен істеп жатыр. Адамдар өз құқығын түсіне бермейді, заң жағына да көбі олақтау», — дейді Айгерім Қадырқұлова.

Жоба заң көмегін барынша қолжетімді етуге бағытталған. Қалада заңгерлік жедел топтар жұмыс істейді, барлық ауданда көшпелі кеңес өткізіледі, сондай-ақ қоғамдық орындар мен аулаларда құқықтық нүктелер мен тұрғындармен кездесу де ұйымдастырмақшы. Жедел желі мен чат-бот та ашылған, онда өтініш, шағым мен басқа да құжаттың үлгісін алуға болады.

«Заңды білетін адам заң бұзбайды. Хұқығы бұзылғанда ондай адам өзін заңды түрде қорғай алады. Қандай әрекеттің заңды екенін, көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін түсіну саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Айгерім Қадырқұлова.

Жобаға мемлекеттік органдар, Қоғамдық кеңес мүшелері мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысады. Мұндай тәсіл заңгер мен адвокат кеңесінен бастап, медиацияға дейін жан-жақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң жағынан тегін көмекті 8 (747) 104 76 69 телефоны арқылы алуға болады. Барлық өтініш тіркеліп, талданады, бұл ең жиі кездесетін мәселелерді анықтап, қайталама сұраныстар санын азайтуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ жоба әлеуметтік желідегі ақпараттық науқанды, бейнероликтер мен ағартушылық материалдарды қамтиды. Жобаны іске асыру тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық деңгейін төмендетіп, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етпек.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі