Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандырып, оазиске айналдырмақ
Алматыда жайлы қалалық ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Пресс-тур кезінде Жетісу ауданының әкімі журналистерге осылай деді. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жол айырығына іргелес 3 гектар аумақта қоғамдық кеңістікті абаттандыру жобасы жүзеге асырыла бастады.