Қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ға дейін төмендеді
Алматыда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын таныстырды.