Алматыда 2022-2024 жылдар аралығында 16 мыңнан астам орынға есептелген 188 жекеменшік бақша ашу жоспарлануда
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы басты мәселе – балабақшалардағы орын тапшылығы. Бүгінгі күні 1-6 жас аралығындағы 42 460-тан астам бала, 3-6 жас аралығындағы 18 865 бала кезекте тұр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Әлия Сағиева мәлім етті.