«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының аясында Алмалы ауданы үлкен жобалар жүзеге асыруға кірісті
Алматы қаласының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жақсы қарқынмен іске асып жатыр. Бұл бағдарламаның мақсаты - тұрғындарды ауданның инфрақұрылымын жақсартуға тарту. 2025 жылы 45 жоба жүзеге асырылмақ, олардың жалпы сомасы шамамен 2 миллиард теңге болады. Олар: 23 - аулаларды жөндеуге, 18 - саябақтар мен скверлерді абаттандыруға, 4 - аулаларды көгалдандыруға байланысты жобалар. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин осылай деп мәлімдеді.