Алматының Бас жоспары қаланы желдетуді жақсартуды көздейтін іс-шараларды қамтыды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Асхат Сәдуов осылай деді. Қаладағы ауаны жақсарту үшін Бас жоспарда қандай іс-шаралар қарастырылғаны туралы сұраққа жауап бере отырып, ол тау аймағында қалыптасатын және қаланың микроклиматына әсер ететін желдің өтіне кешенді зерттеулер жүргізілгенін атап өтті.