Наурызбай ауданында 82 шақырымдық инженерлік желі салынып жатыр
Наурызбай ауданы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр. Ақжар ықшам ауданында су құбыры мен кәріз жүйесінің тарататын желілерді салудың екінші кезеңі басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер осы жұмыстың барысымен танысты.