Алматы шақырады: «Музей түні» мәдени мұрамызды басқа қырынан көрсетпек
Халықаралық музей күнінің қарсаңында Алматы «Музей түні» деген кең көлемді акцияға даярлық жасап жатыр. Онда келген қонақтар ерекше экспозицияға, театрландырылған экскурсияға, «Жұлдызды музейді», квесттер мен спектакльдарды тамашалап, алаштанушылармен, оқымысты-ғалымдармен жүздесіп, пікір алмаспақ. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен пресс-конференцияда осы мәдени жаңалықтың жай-жапсары айтылды.