Алматы қаласының Алатау ауданында жыл соңына дейін 31 қоғамдық кеңістік, 16 аула және Қарасу көлі абаттандырылады
Алатау ауданында тұрғындар үшін жайлы қалалық орта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Малыбаев Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен дамыту – ауданның басым бағытының бірі.