«Бала қауіпсіздігі – басты назарда»: Алматыда балаларға қауіпсіздік негіздерін үйрететін 183 іс-шара ұйымдастырылды
Алматыда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты кең ауқымды іс-шаралар кешені өтті. Осыған орай Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның маңызы мен мазмұны туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев баяндап берді.