Алматы әкімдігі резидентура мен магистратурада медициналық кадрларды даярлау үшін 120 грант бөлді.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында медицина саласындағы кадрларды даярлауға 120 грант бөлінді. Бұл орын алған тапшылықты жою мен мамандардың жаңа буынын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.