Алматылық мектептер мен жоғары оқу орындарында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ашық сабақтар өткізілді
Алматы қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашық сабақтар басталды. Ай бойы республиканың барлық мектептерінде осы тақырыпта сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына қастерлі тәуелсіздік жылдарының қасиетін ұғындыратын жоба бүгін Алматы қаласындағы мектептер мен ЖОО-да да бастау алды.