Алматының Қоғамдық кеңесінің мүшесі М. Шибұтов халық санағының маңызы туралы айтты
1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының үшінші кезекті Ұлттық халық санағы басталды. Санақтан алғаш рет оны онлайн режимде өтуге болады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтовтың айтуынша, халық санағы жай ғана халық санағы емес, ол елдің әрбір тұрғынының әлеуметтік даму жағдайын көрсететін бірқатар аспектілерді қамтиды.