Алматыдағы базарлардың бірінде «демалыс күннің» карантині бұзылды
28 тамызда демалыс күндері жұмысқа тыйым салынғанына қарамастан, «Барыс» базары жұмысын жалғастырды. Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторингтік тобы дәл осы күні сағат 13.30 шамасында белгіленген карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады.