Бүгінгі күннің басты тақырыбы: бізге атомның қуаты қажет
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов «Аманат» партиясы Алмалы аудандық филиалының конференц-залында Алматы қаласының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді. Диалог барлық қазақстандықтар үшін басты тақырыпта өрбіді – атом электр станциясын салу жөніндегі алдағы референдумде бір ел болып ортақ шешім қабылдау.