Алматы Рамазан айына дайындалуда: ораза және қайырымдылық іс-шаралары
Қасиетті Рамазан айы басталды – бұл ораза, құлшылық және рухани тазару уақыты. 1 наурыз бен 29 наурыз аралығында әлем мұсылмандары ораза ұстап, ал 30 наурыз күні Ораза айт мейрамын атап өтеді, деп хабарлады Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында.