Тау велосипеді, тоңазытқыш және Samsung Galaxy S21: алдағы 5 күнде вакцина қабылдаған тұрғындар арасында 20-дан астам бағалы сыйлық ұтысы ойнатылады
Жетісу ауданының әкімі Гульнара Кокобаеваның инстаграм парақшасында COVID 19 қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған тұрғындар арасында лоторея ойнатылатыны туралы пост жарияланды. Осылайша жергілікті атқарушы билік Алматы қаласында жаппай вакцинациялауды насихаттауды көздейді.