Алматының КВИ жұқтырған тұрғындары қоғамдық тамақтану орындары мен СОСО-ға кіруге тырысады
Алматыда өткен аптада 14 күн бойы карантин шектеулерін сақтауға тиіс 200-ден астам адам қоғамдық тамақтану нысандарына баруға және еліміздің басқа өңірлеріне ұшуға тырысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.