Жұқтырудың 16,8%-ы қоғамдық көлікте болады: Алматыда маска режиміне бақылау күшейтілген
Алматыда эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияға ПТР оң нәтиже берген 1492 науқас анықталды. Эпидемиологтардың мәліметі бойынша, қоғамдық көлік – инфекцияны жұқтыратыны негізгі бес орынныңың бірі (жұқтыру 16,8%) болып табылады. Сондықтан Алматы қаласы аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторинг топтары маска режимінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс жүргізуде.