Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен алматылық әйелдер «Жан Сая» дағдарыс орталығына хабарласа алады
Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Ол «Жан Сая» дағдарыс орталығы қалада 2017 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанын атап өтті. Биыл оған 75 әйел мен 157 бала өтініш берген.