Алматыда қоғамдық көліктерде санитарлық нормалардың сақталуын тексеру жалғасуда
Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және жылжымалы составтың санитарлық жағдайы бойынша қоғамдық көлікке тексеру жүргізілуде. 28 шілде мен 27 қыркүйек аралығында 913 қалалық көлік бірлігінде бұзушылықтар анықталды. Мониторингтік топтардың өкілдері тек жолаушыларда ғана емес, жүргізушілерде де қорғаныс маскаларының болуын тексереді.