Алматылық мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды
Он бірінші сынып оқушылары ересек өмір жолын мектеп ауласына ағаш отырғызудан бастады. Ағаш отырғызу түлектер арасында дәстүрге айналған. Әр жылдың мектеп бітірушілері білім ордасына деген алғыстарын осылай білдіреді. Биыл бұл үрдіс Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» калалық кампания аясында жалғасын тапты.