Астанада шахматтан Қазақстан чемпионатының финалы басталды
Астанада классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының 2025 жылғы чемпионатының финалы басталды. Турнир көптен бері алғаш рет желтоқсан айында емес, мамырда өткізіліп отыр. Мұндай шешімнің қабылдануы күнтізбе жоспарындағы оқиғалардың өте көп болуына байланысты.