Қазақстан шахматының жас қаһармандары: Ерлан Тілеуханов пен Әсия Асылхан ҚР-2025 U20 чемпионатында жеңіске жетті
Алматыда классикалық шахматтан 20 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздар арасында 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Еліміздің чемпионы атағын Алматының 18 жасар шахматшысы, ФИДЕ шебері Ерлан Тілеуханов және Түркістан облысына өкілдік еткен 15 жастағы Әсия Асылхан жеңіп алды. Екі чемпион да мүмкін болатын 9 ұпайдан 7 упай жинап жарысты бірдей нәтижемен аяқтады да, ең жоғары перфоманс бойынша жеңімпаздар деп танылды.