Қазақстан Батыс Азия чемпионатында 39 медальді қанжығасына байлады!
Душанбеге барған Қазақстанның жас шахматшылары керемет табысқа жетті: 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Батыс Азия чемпионатында 39 медаль жеңіп алды! Оның 16-сы алтын, бұл турнирдің үздік нәтижелерінің бірі. 13 елдің намысын қорғаған 391 қатысушының басы қосылған бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы бағдарламаның әр түрінде – рапид, блиц пен классикада сенімді түрде басқалардан басым түсті.