«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: науқан аясында жастарды экоағарту жобасы басталады
Табиғатты қорғаудың маңызды екенін түсіне отырып, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Алматы өңірінің тау қоғамдастығы Qazaq National Parks консорциумында және Алматы қаласы туризм басқармасының қолдауымен 2024 жылдың сәуірінен қыркүйегіне дейін өтетін жастарды экоағарту жөніндегі жобаны жүзеге асыруда.