Freedom Кино мен ТВ платформасында TOXIC сериалының барлық бөлімі көрерменге жол тартты. Алайда бұл оқиға тек киномен біткен жоқ – туындының бір жанкүйері сериал желісімен жасалған ойын ойлап шығарды. Бұл жоба авторына сериал әлемін ойын түрінде қайта жаңғыртып, жаңа қырынан көрсетуге шабыт берді.
TOXIC сериалы желісімен жасалған ойын Telegram пен сериалдың арнайы парақшасында қолжетімді. Кез келген құрылғыдан ойнай беріңіздер!
Бұл – нағыз ескі заманның атмосферасын сыйлайтын пиксельді, ойнауға өте ыңғайлы классикалық ойын. Мұндағы әрбір қадам сериалдың сюжетімен тығыз байланысты. Барлығы 7 деңгейден тұрады, ал әр кезең сериалдың бір бөлігін қамтып, басты кейіпкерге жаңа суперкүш береді. Мәселен, бірінші деңгейде телепортация қабілеті ашылса, екінші деңгейде кейіпкер боксшыға айналып, күшті соққылар жасай бастайды. Ал соңғы шешуші шайқаста ойыншы TOXIC сериалының басты зұлымымен бетпе-бет келеді.
Бұл ойын – TOXIC сериалына тағы бір мәрте назар аударып, көрермен мен кино әлемі арасындағы байланыстың қаншалықты терең екенін көрсететін тамаша мүмкіндік. Көрермендер сүйікті туындысына қайта оралып қана қоймай, өз шығармашылығы арқылы оқиғаны басқа форматқа көшіре алады. Ал жанкүйердің бұл ойыны — соның айқын дәлелі әрі сериалға білдірген ерекше ықыласы.
TOXIC сериалының барлық бөлімі қазір Freedom Кино мен ТВ платформасында қолжетімді! Әлі көрмегендер сериалды басынан аяғына дейін тамашалай алады. Ал сериалды бұрыннан көріп жүргендер ойынды ойнап шығып, сүйікті сәттерін қайта еске алып, оған басқа көзқараспен қарай алады.