Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қалалық өкілдігінің 2025 жылғы негізгі жобалары, мемлекеттік тіл клубтарын дамыту, халықаралық ынтымақтастық, креативті бастамалар мен биылға арналған жоспары таныстырылды.

Ұйымның қызметі туралы Қазақстандағы ұйғыр жастар одағының төрағасы, «Ассамблея жастары» өкілдігінің кураторы Рустам Қайриев баяндады.

Алматы бүгінде жастардың бастамасын дамытатын үлкен алаңға айналып отыр. Қалада жаңа кеңістіктер ашылып, онда жастар ұйымдары бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі — Медеу ауданының Комьюнити орталығы, ол Жастар саясаты басқармасымен ынтымақтастық меморандумы аясында «Ассамблея жастары» басқармасына берілген. Орталық жастарды дамыту жобаларын жүзеге асырып жатыр. 1200-ден астам жас жұмыспен қамтылып, шамамен 5000 адам тегін оқыту курстарынан өткен, мұнда келіп-кеткен жандар білікті психологқа да тегін қаралады.

Орталықта жас суретшілер, мобильографиямен айналысатындар, актерлер бірлестігі жұмыс істейді. Вокал және сөйлеу өнерін дамытуға арналған тегін сабақтар ұйымдастырылған, мемлекеттік тілді үйрететін бірнеше клуб және бар, соның ішінде Қала Африка орталығының бірлескен жобасы — ағылшын тілінде қазақша үйрететін клуб. Жастардың біраз бірлестігіне арнайы алаң беріліп, қазір бұл қауымдастықтар шамамен 2000 адамды қамтитын комьюнити қалыптастырған.

«Біз жастардың өзін-өзі дамытып, ашық қарым-қатынасқа мұқтаж екенін көріп отырмыз. Сондықтан жастар жай ғана іс-шараларға қатысып қана қоймай, қауымдастықтың бір бөлігі бола алатын кеңістік құруы біз үшін маңызды болды. Комьюнити орталық бүгінгі таңда Алматы жастары үшін өсетін мүмкіндіктер нүктесіне айналды», - деп атап өтті Рустам Қайриев.

АНК жастардың өз жобалары Алматының Қоғамдық даму басқармасы, АНК хатшылығы және ҚМҚ «Қоғамдық келісім» арқылы жүзеге асырылады. Бұл жобалар креативті индустрияны дамыту мен жастардың кәсіби бағдарын қолдауға бағытталған. Солардың қатарында — Jastar Generation халықаралық лагері, ол Қазақстанның барлық аймағы мен Орталық Азия елдеріндегі АНК лидерлерін біріктіреді. «Қазақстандағы келешектегі ең сұранысқа ие 50 мамандық» жобасы қаладағы 7000-нан астам жоғары сынып оқушыларын қамтыса, «Қазақстан жастары — креатив елшілері» жобасы 2000-нан астам студентті қамтыды. Бүгінде бұл бастамалар елдің басқа аймақтарында да сәтімен жүзеге асып, Алматының тәжірибесіне қызығушылық артқан.

Жастардың қоғамдық-саяси процестерге тартылуына ерекше назар аударылады. Алматы қалалық мәслихатымен бірлесіп «Жас саясаткер мектебі Қайраткер» жобасы іске қосылды. Жоба аясында мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері заманауи коучинг форматында интерактивті әдістерді қолданып сабақ өткізеді. Бірінші буын оқуын сәтті аяқтап, қатысушылар тәжірибе жинауды жалғастырып, мәслихат сессияларына қатысып, депутаттарға қоғамдық көмекшілер ретінде жұмыс істейді.

«Еліміздің тұрақты дамуы үшін жастардың саяси және қоғамдық процестерге тартылуы маңызды. «Жас саясаткер мектебі» жобасы жастарға шешім қабылдау процесін түсініп, қала өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Біз түлектер арасында болашақта көшбасшылар шығатынына үміттенеміз», - деп атап өтті спикер.

«Ассамблея жастары» «Жас Сарбаз» ұйымымен бірлескен әскери-патриоттық тәрбие, сондай-ақ медиасауаттылықты, фактчек дағдыларын дамыту, ресми ақпаратқа сенімділікті қалыптастыру мен жалған ақпаратқа қарсы әрекет етуді үйрететін негізгі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырып келеді.

Халықаралық бағыт бойынша өткен жылы мамырда «Ассамблея жастары» мүшелері ресми делегация құрамында Францияға барды. Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстанның этносаралық келісім моделінің тәжірибесі мен АНК жастардың жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қызметі таныстырылды. Презентацияға ЮНЕСКО-ның 50-ден астам мемлекетінің тұрақты өкілдіктерінің дипломаты қатысты, ал ұйым халықаралық алаңда тәжірибесін таныстырған Қазақстаннан шыққан алғашқы жастар құрылымы болды.

Студенттермен жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр: студенттік Ассамблеялар Алматы қаласының 13 ЖОО-да ашылған, G35 студенттік ұйымымен тығыз байланыс орнатылған. 2025 жыл ішінде «Ассамблея жастары» Алматы қаласы бойынша жастарды дамытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға және белсенді азаматтық позиция қалыптастыруға бағытталған 180-ден астам іс-шара өткізді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ