Алматыдағы Көк Төбе аумағында референдумға дейінгі күндердің кері санағы іске қосылды. Телемұнарада орнатылған арнайы таймер маңызды оқиғаға дейін қанша уақыт қалғанын айқын көрсетіп тұр.
Кешкі және түнгі уақытта мұнарада жарқын тақырыптық жарық шамдары қосылады: мемлекеттік рәміздер, ұлттық ою-өрнектер, референдум өтетін күн — 15 наурыз, сондай-ақ қалған күндер саны бейнеленген. Әсем жарық безендіруін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары жоғары бағалап, оны алдағы дауыс беру күнін еске салатын ерекше көрініс ретінде атап өтті.
Ақпарат көзі: Алматы қаласының ӨКҚ