«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының аясында Медеу ауданында «Дәрігерлер» аллеясын қайта жаңғырту жұмысы осымен бітті. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында аудан әкімдігі өкілдері журналистерге абаттандыру жұмысының нәтижесін баяндады.

Жоба аясында аумақты жан-жақты абаттандырды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін жалпы аумағы 320 шаршы метр болатын брусчатка төселген жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынды, қоршалып, сыртқы жарықтандыру тіректері, көше шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.

Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Аллеяда жалпы аумағы 2 700 шаршы метр болатын көгал төселді, 260 бұта егіліп, жасыл желекті жақсылап күтіп-баптауға мүмкіндік беретін автоматты суару жүйесі де орнатылған.

«Дәрігерлер» аллеясында жаяу жүргіншілер жолы салынды, орындық пен сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды, бұта егіп, жаңа көгал төселіп, автоматты суару жүйесі іске қосылды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 30 жоба жүзеге асып жатыр. Оның бесеуі толық аяқталып, қалғанын да әлі істеп жатыр. Барлық жұмыс жыл соңына дейін аяқталып қалады», – дейді аудан әкімінің орынбасары Азат Кәкетаев.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындарға өз ауданын дамытуға атсалысып, абаттандыру жобасын ұсынуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі барлық жастағы тұрғындардың серуендеуі мен демалуына арналған жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру үшін қолға алынды.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі