\2026 жылғы 3–4 тамыз күндері Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген іс-шаралар барысында Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 3 341 дерегі анықталды. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 190 өрескел құқық бұзушылық тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
- көлік құралын мас күйінде басқару – 14 дерек;
- көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруы – 3 дерек;
- маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 158 дерек;
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын пайдалану және басқару – 2 дерек;
- қауіпсіздік белдігін тақпау – 115 дерек;
- қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу – 13 дерек;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 89 дерек.
Бұдан бөлек, 122 көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Дереккөз: Алматы қаласының прокуратурасы.