2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматыда суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі.
Қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса есептегенде, халық үшін тариф 1 м³ суық суға 178,06 теңгені, ал 1 м³ су бұру қызметіне 119,46 теңгені құрайды.
Өзге тұтынушылар (заңды тұлғалар) үшін тариф 1 м³ суық суға 362,18 теңге және 1 м³ су бұру қызметіне 264,75 теңге, ал бюджеттік ұйымдар үшін тиісінше 1 м³ суық суға 649,6 теңге және 1 м³ су бұру қызметіне 189,14 теңге болады.
Тарифтің өзгеруіне электр энергиясына, материалдарға, жабдықтарға, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жөндеу мен пайдалануға жұмсалатын шығындардың өсуі себеп болды.
Тарифті түзету қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, тозған желілерді ауыстыруды, жабдықтарды жаңартуды жалғастыруға және көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Байланыс телефондары: +7 (727) 227-60-24, +7 (775) 681-23-32, +7 (702) 100-27-65, almatysu.kz.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі