«Пластик өткізіп, ақша тап»: алматылықтар жауапты тұтыну жобаларын қалай дамытуда?
21 қазанда Алматыда Eco Network экохабы аумағында қаланың Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры өтті. Іс – шара барысында қатысушыларға экологиялық бастамалар ұсынылып, «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы-біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында өткізілетін Plastic Reboot акциясы туралы егжей-тегжейлі айтылды.