Бензин, газ және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу – ҚР Энергетика министрі Алматыда брифинг өткізді
11 маусымда Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың қатысуымен брифинг өтті. Мегаполиске ведомство басшысы Алматы ЖЭО-ны газға көшіру жөніндегі жобалардың іске асырылуымен танысу үшін жұмыс сапарымен келді.