Жалпыға бірдей декларациялау: Алматыда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялау кімдерге әсер ететіні айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев шақырылды. Ол 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталатынын айтты. Мегаполисте мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік мекемелердің 100 мыңнан астам қызметкері және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер жөніндегі декларацияны тапсырады.