Алматыда тұмау мен ЖВИ жұқтыру жағдайы туралы айтылды
Өткен аптада ЖРВИ жұқтырудың 23 995 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмен. Ауырып жатқандардың дені - балалар (65,7%). Апта сайын ЖРВИ-мен ауыру шамамен 20%-ға көбейіп отырады. Бірақ бұл жерде айта кететін жайт, Алматыда ЖРВИ-дің ауыр жағдайлары тіркелмеген. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Владимир Юсупов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.