Алматыда стоматологиялық көмекке 3,9 млрд теңге бөлінді
2023 жылы Алматы қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы көрсетілетін стоматологиялық қызметтерге 3,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.