Алматыда мамандар қаланың перинаталдық орталықтарының жұмысы туралы айтып берді
Алматы қ. ҚДБ штаттан тыс бас педиатры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультеті Жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры Қарлығаш Жұбанышева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматыда перинаталдық медицина қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.