Алматының Алмалы ауданындағы жаңа абаттандыру алаңдары - скейт алаңы, иттерді серуендеуге арналған орындар, жасыл алаңдар
Алматы қаласының Алмалы ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жыл соңына дейін 69 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда аулалар, үйлердің қасбеттері өзгертіледі, демалыс орындары реттеледі және ең бастысы инженерлік желілер қайта жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Ержан Сейтенов айтты.